Абай Құнанбайұлының фотопортреті: тақия киген, ақ сақалды ақын

Абай өлеңдері · Абай Құнанбаев

Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат

Тарауды тыңдау

Қазақша нейродауыс, абзац кідірістерімен

≈ 4 мин

Кез келген сөзге түртіңіз — қазақша түсіндірмесі шығады.

Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат, Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат. Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік Ер табылса жарайды, қылса сұхбат.

Кейбіреу тыңдар үйден шыққанынша, Кейбіреу қояр көңіл ұққанынша. Сөз мәнісін білерлік кейбіреу бар, Абайлар әрбір сөзді өз халынша.

Шын көңілмен сүйсе екен, кімді сүйсе, Бір сөзімен тұрса екен, жанса-күйсе. Қырмызы, қызыл жібек бозбалалар, Оңғақ пұлдай былғайды, бір дым тисе.

Керек іс бозбалаға – талаптылық, Әр түрлі өнер, мінез, жақсы қылық. Кейбір жігіт жүреді мақтан күйлеп, Сыртқа пысық келеді, сөзге сынық.

Кемді күн қызық дәурен тату өткіз, Жетпесе, біріңдікін бірің жеткіз! Күншілдіксіз тату бол шын көңілмен, Қиянатшыл болмақты естен кеткіз!

Бір жерде бірге жүрсең басың қосып, Біріңнің бірің сөйле сөзің тосып. Біріңді бірің ғиззәт, құрмет етіс, Тұрғандай бейне қорқып, жаның шошып.

Жолдастық, сұхбаттастық – бір үлкен іс, Оның қадірін жетесіз адам білмес. Сүйікті ер білген сырын сыртқа жаймас, Артыңнан бір ауыз сөз айтып күлмес.

Күйлеме жігітпін деп үнемі ойнас, Салынсаң, салдуарлық қадір қоймас. Ер жігіт таңдап тауып, еппен жүрсін, Төбетке өлекшіннің бәрі бір бәс.

Біреуді көркі бар деп жақсы көрме, Лапылдақ көрсе қызар нәпсіге ерме! Әйел жақсы болмайды көркіменен, Мінезіне көз жетпей, көңіл бөлме!

Көп жүрмес жеңсікқойлық, әлі-ақ тозар, Жаңғырар жеңсікқұмар, жатқа қозар. Күнде көрген бір беттен көңіл қайтар, Қылт еткізбес қылықты тамыршы озар.

Толқынын жүрегіңнің хаттай таныр, Бүлк еткізбес қалайша соқса тамыр. Жар көңіліне бір жанын пида қылып, Білместігің бар болса, қылар сабыр.

Шу дегенде көрінер сұлу артық, Көбі көпшіл көрінер ондай қаншық. Бетім барда бетіме кім шыдар деп, Кімі паңдау келеді, кімі – тантық.

Ақыл керек, ес керек, мінез керек, Ер ұялар іс қылмас қатын зерек. Салақ, олақ, ойнасшы, керім-кербез, Жыртаң-тыртаң қызылдан шығады ерек.

Қатының сені сүйсе, сен де оны сүй, Қоржаң суық келеді кей сасық ми. Ері ақылды, қатыны мінезді боп, Тату болса, риаз үстіндегі үй.

Жоқ болса қатыныңның жат өсегі, Болмаса мінезінің еш кесегі. Майысқан, бейне гүлдей толықсыған, Кем емес алтын тақтан жар төсегі.

Жасаулы деп, малды деп байдан алма, Кедей қызы арзан деп құмарланба. Ары бар, ақылы бар, ұяты бар, Ата-ананың қызынан ғапыл қалма.

Үйіңе тату құрбың келсе кіріп, Сазданбасын, қабақпен имендіріп. Ері сүйген кісіні о да сүйіп, Қызмет қылсын көңілі таза жүріп.

Құрбыңның тәуір болсын өз мінезі, Абройлы қалжыңмен келсін сөзі. Сен оған мойын бұрып сөз айтқанда, Қатыныңда болмасын оның көзі.

Кей құрбы бүгін тату, ертең бату, Тілеуі, жақындығы – бәрі сату. Көкірегінде қаяу жоқ, қиянат жоқ, Қажымас, қайта айнымас қайран тату!

Пайда деп, мал деп туар ендігі жас, Еңбекпен терін сатып түзден жимас. Меліш сауда сықылды күлкі сатып, Алса қоймас, араны тағы тоймас.

Асық ұтыс секілді алыс-беріс – Тірі жанның қылғаны бүгін тегіс. Бірі көйтке таласып, бірі арам қып, Төбелескен, дауласқан жанжал-керіс.

Жас бала әуел тату бола қалар, Ата-анадан жақын боп, ертіп алар, Бірін бірі құшақтап, шуылдасып, Ойын тарқар кезінде ұрыс салар.

Біреуі жылап барса үйге таман, Ата-анасы бұрқылдар онан жаман. Татулығы құрысын ойыны мен, Дәл соларға ұқсайды мына заман.

Жаман тату қазады өзіңе ор, Оған сенсең, бір күні боларсың қор. Ары бар, ұяты бар үлкенге сен, Өзі зордың болады иығы да зор.

Қазақтың қайсысының бар санасы? Қылт етерде дап-дайын бір жаласы. Пысықтықтың белгісі – арыз беру, Жоқ тұрса бес бересі, алты аласы.

Мазмұны · 14162 / 141
  1. 1Абыралыға
  2. 2Адамның кейбір кездері
  3. 3Адам — бір боқ көтерген боқтың қабы
  4. 4Адасқанның алды – жөн, арты – соқпақ
  5. 5Айттым сәлем, Қаламқас
  6. 6Алланың өзi де рас, сөзi де рас
  7. 7Алла деген сөз жеңіл
  8. 8Альбомға
  9. 9Антпенен тарқайды
  10. 10Асқа, тойға баратұғын
  11. 11Ата-анаға көз қуаныш
  12. 12Ауру жүрек ақырын соғады жай
  13. 13Аш қарын жұбана ма майлы ас жемей?
  14. 14Әйелің – Медет қызы, аты Ырым
  15. 15Әлифби өлеңі
  16. 16Ән тұралы
  17. 17Әсемпаз болма әрнеге
  18. 18Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек
  19. 19Базарға, қарап тұрсам, әркім барар
  20. 20Байлар жүр жиған малын қорғалатып
  21. 21Баймағамбетке қатынының атынан шығарылған
  22. 22Бай сейілді
  23. 23Балалық өлді, білдің бе?
  24. 24Болды да партия
  25. 25Болыс болдым мінеки
  26. 26Бөстегім, құтылдың ба Көтібақтан?
  27. 27Бөтен елде бар болса
  28. 28Буынсыз тілің
  29. 29Білектей арқасында өрген бұрым
  30. 30Білімдіден шыққан сөз
  31. 31Біреуден біреу артылса
  32. 32Біреудің кісісі өлсе, қаралы - ол
  33. 33Бір дәурен кемді күнге – бозбалалық
  34. 34Бір сұлу қыз тұрыпты хан қолында
  35. 35Ғабидоллаға
  36. 36Ғалымнан надан артпас ұққанменен
  37. 37Ғашықтық, құмарлықпен – ол екі жол
  38. 38Ғашықтың тілі тілсіз тіл
  39. 39Ғылым таппай мақтанба
  40. 40Домбыраға қол соқпа
  41. 41Дүйсенқұлға
  42. 42Дүтбайға
  43. 43Ем таба алмай
  44. 44Ерекше естен кетпес қызық қайда?
  45. 45Есек
  46. 46Есіңде бар ма жас күнің
  47. 47Жаз
  48. 48Жазғытұры
  49. 49Жақсылыққа
  50. 50Жалын мен оттан жаралып
  51. 51Жаманбаланың баласы өлгенде
  52. 52Жапырағы қуарған ескі үмітпен
  53. 53Жарқ етпес қара көңлім не қылса да
  54. 54Жастықтың оты жалындап
  55. 55Жастықтың оты, қайдасың
  56. 56Жасымда ғылым бар деп ескермедім
  57. 57Желсіз түнде жарық ай
  58. 58Жүрегім менің қырық жамау
  59. 59Жүрегім, нені сезесің
  60. 60Жүректе қайрат болмаса
  61. 61Жүрек — теңіз, қызықтың бәрі — асыл тас
  62. 62Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат
  63. 63Жігіт сөзі
  64. 64Заман ақыр жастары
  65. 65Интернатта оқып жүр
  66. 66Кейде есер көңіл құрғырың
  67. 67Келдік талай жерге енді
  68. 68Көжекбайға
  69. 69Көзімнің қарасы
  70. 70Көзінен басқа ойы жоқ
  71. 71Көкбайға
  72. 72Көк ала бұлт сөгіліп
  73. 73Көк тұман — алдыңдағы келер заман
  74. 74Көлеңке басын ұзартып
  75. 75Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да
  76. 76Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа
  77. 77Күз
  78. 78Күйісбайға
  79. 79Күлембайға
  80. 80Күн артынан күн туар
  81. 81Күшік асырап, ит еттім
  82. 82Кім екен деп келіп ем түйе қуған
  83. 83Қажымас дос халықта жоқ
  84. 84Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы
  85. 85Қалқам-ай, мен үндемей жүремін көп
  86. 86Қалың елім, қазағым, қайран жұртым
  87. 87Қандай қызда ләззат бар жан татпаған?
  88. 88Қансонарда бүркітші шығады аңға
  89. 89Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай
  90. 90Қара қатынға
  91. 91Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек
  92. 92Қатыны мен Масақбай
  93. 93Қор болды жаным
  94. 94Қуанбаңдар жастыққа
  95. 95Қуаты оттай бұрқырап
  96. 96Құлақтан кіріп, бойды алар
  97. 97Құр айғай бақырған
  98. 98Қызарып, сұрланып
  99. 99Қыз сөзі
  100. 100Қыран бүркіт не алмайды, салса баптап
  101. 101Қыс
  102. 102Малға достың мұңы жоқ малдан басқа
  103. 103Мәз болады болысың
  104. 104Мен боламын демеңдер
  105. 105Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін
  106. 106Мен сәлем жазамын
  107. 107Назарға
  108. 108Нұрлы аспанға тырысып өскенсің сен
  109. 109Ойға түстім, толғандым
  110. 110Осы қымыз қазаққа
  111. 111Өзгеге, көңілім, тоярсың
  112. 112Өкінішті көп өмір кеткен өтіп
  113. 113Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы
  114. 114Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?
  115. 115Өлсе өлер табиғат, адам өлмес
  116. 116Пайда ойлама, ар ойла
  117. 117Патша құдай, сыйындым
  118. 118Разаққа
  119. 119Рахымшалға
  120. 120Сабырсыз, арсыз, еріншек
  121. 121Сағаттың шықылдағы емес ермек
  122. 122Сап, сап, көңілім, сап, көңілім!
  123. 123Сәулең болса кеудеңде
  124. 124Сегіз аяқ
  125. 125Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап
  126. 126Сен мені не етесің?
  127. 127Соры қалың соққы жеген пышанамыз
  128. 128Сұм дүние тонап жатыр, ісің бар ма?
  129. 129Сүйсіне алмадым, сүймедім
  130. 130Тайға міндік
  131. 131Тоты құс түсті көбелек
  132. 132Туғызған ата ана жоқ
  133. 133Тұлпардан тұғыр озбас шабылса да
  134. 134Түбінде баянды еңбек егін салған
  135. 135Ұяламын дегені көңіл үшін
  136. 136Фзули, Шәмси, Сәйхали
  137. 137Шәріпке
  138. 138Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ
  139. 139Шығыс ақындарынша
  140. 140Ысытқан, суытқан
  141. 141Ішім өлген, сыртым сау

Түсінбеген сөзге түртіп көріңіз

Квиз ашылған сөздерден құрастырылады; сақталғандары тренажёрде қайталанады

Квиз бастау