Қара сөздер · Абай Құнанбаев
Алтыншы сөз
Тарауды тыңдау
Қазақша нейродауыс, абзац кідірістерімен
≈ 2 мин
Асты сызылған 2 сөз — глоссарийден. Кез келген басқа сөзге де түртуге болады: қазақша түсіндірмесі шығады.
Қазақтың бір мақалы: «Өнер алды — бірлік, ырыс алды — тірлік» дейді. Бірлік қандай елде болады, қайтсе тату болады — білмейді. Қазақ ойлайды: бірлік ат ортақ, ас ортақ, киім ортақ, дәулет ортақ болса екен дейді. Олай болғанда байлықтан не пайда, кедейліктен не залал? Ағайын құрымай мал іздеп не керек? Жоқ, бірлік — ақылға бірлік, малға бірлік емес. Малыңды беріп отырсаң, атасы басқа, діні басқа, күні басқалар да жалданып бірлік қылады! Бірлік малға сатылса, басы осы. Ағайын алмай бірлік қылса керек, сонда әркім құдайдан тілейді, әйтпесе құдайдан тілемейді, шаруа іздемейді. Әуелі біріне-бірі пәле іздейді. Не түсін, не ажарын, не өкпесін бұлдап, ол болмаса, бір пәле салып, қорғалатып, әйтеуір бірін-бірі алдаудың амалын іздеседі. Мұның қай жерінен бірлік шықты?
«Ырыс алды — тірлік» дейді, ол қай тірлік? Ол осы жан кеудеден шықпағандық па? Жоқ, ондай тірлік итте де бар. Ондай тірлікті қымбат көріп, бұлдаған адам өлімді жау көріп, ахиретке дұшпан болады. Жанын қорғалатып, жаудан қашып, қорқақ атанып, еңбек қылудан, қызмет қылудан қашып, еріншек атанып, ез атанып, дүниеде әлгі айтылған ырысқа дұшпан болады.
Ол айтқан тірлік олар емес. Көкірегі, көңілі тірі болса, соны айтады. Өзің тірі болсаң да, көкірегің өлі болса, ақыл табуға сөзұға алмайсың. Адал еңбекпен ерінбей жүріп мал табуға жігер қыла алмайсың.
Кеселді жалқау, қылжақбас,
Әзір тамақ, әзір ас,
Сыртың — пысық, ішің — нас,
Артын ойлап ұялмас, —
болып жүріп, тірімін деме, онан да алла жіберген ақ бұйрықты өлімнің өзі артық.
Мазмұны · 456 / 45
- 1Бірінші сөз
- 2Екінші сөз
- 3Үшінші сөз
- 4Төртінші сөз
- 5Бесінші сөз
- 6Алтыншы сөз
- 7Жетінші сөз
- 8Сегізінші сөз
- 9Тоғызыншы сөз
- 10Оныншы сөз
- 11Он бірінші сөз
- 12Он екінші сөз
- 13Он үшінші сөз
- 14Он төртінші сөз
- 15Он бесінші сөз
- 16Он алтыншы сөз
- 17Он жетінші сөз
- 18Он сегізінші сөз
- 19Он тоғызыншы сөз
- 20Жиырмасыншы сөз
- 21Жиырма бірінші сөз
- 22Жиырма екінші сөз
- 23Жиырма үшінші сөз
- 24Жиырма төртінші сөз
- 25Жиырма бесінші сөз
- 26Жиырма алтыншы сөз
- 27Жиырма жетінші сөз (Сократ хакімнің сөзі)
- 28Жиырма сегізінші сөз
- 29Жиырма тоғызыншы сөз
- 30Отызыншы сөз
- 31Отыз бірінші сөз
- 32Отыз екінші сөз
- 33Отыз үшінші сөз
- 34Отыз төртінші сөз
- 35Отыз бесінші сөз
- 36Отыз алтыншы сөз
- 37Отыз жетінші сөз
- 38Отыз сегізінші сөз
- 39Отыз тоғызыншы сөз
- 40Қырқыншы сөз
- 41Қырық бірінші сөз
- 42Қырық екінші сөз
- 43Қырық үшінші сөз
- 44Қырық төртінші сөз
- 45Қырық бесінші сөз
Түсінбеген сөзге түртіп көріңіз
Квиз ашылған сөздерден құрастырылады; сақталғандары тренажёрде қайталанады