Ыбырай Алтынсариннің фотопортреті: сақалды, қара шапан киген ағартушы

Ыбырай Алтынсарин. Әңгімелер мен өлеңдер · Ыбырай Алтынсарин

Баланың айласы

Тарауды тыңдау

Қазақша нейродауыс, абзац кідірістерімен

≈ 2 мин

Кез келген сөзге түртіңіз — қазақша түсіндірмесі шығады.

Бір әлім адам жапанда келе жатып, аяғы астында бір үлкен тасқа сүрініп жығылып, ойлады: бұл тас адамға зиян келтіретін тас екен, жолдан алып тастайын деп. Сол оймен тасты көтеріп еді, астынан бір сандық шықты, сандықты ашып еді, ішінен бір жылан шығып, шағамын деп әлімге ұмтылды, әлім айтты: — Мен сені қараңғы, тар жерден, тұтқыннан шығардым, жақсылыққа жамандық бар ма? Жылан айтты: — Бар. Әлім айтты: — Олай болса біреуге жүгінелік, төре саған тисе шағарсың, — деп. Жылан да бұл сөзге тоқтап, екеуі келе жатып, түйеге жолықты. Түйеге бұлар істерінің мәнісін айтып еді, түйе айтты: — Жақсылықка жамандық бар; не үшін десеңіз: мен адамның қанша ауыр жүгін, мүлкін тасып, өмірімше қызмет істесем де, адам қай уакытта шамамнан тысқары жүк артады да, жүре алмасам ұрып-соғып ренжітеді. Жылан мұны есітіп, әлімнің мойнына бір оралды. Мұнан шығып жеміс ағаштарына келіп жүгінді. Бұл ағаш та айтты: — Жақсылықка жамандық бар; не үшін десеңіз: менің жемісіммен қанша адам күн көріп пайдаланып тұрса да, жемісімді жан ауыртпай қолымен алмай, түбімнен қатты ұрып, жемісімді жерге түсіріп алып жейді, — деді. Жылан әлімнің мойнына тағы бір оралды. Онан кетіп бір итке жолығысты. Ит те айтты: — Жақсылыққа жамандық бар, мен иеме қанша түн-күн ұйықтамай мүлкін, малын, өзін бағып қызмет қылып едім, ақырында мен қартайып аурулы болған соң, таяқтап ұрып мені қуып жіберді, — деді. Жылан және бір оралып, енді шағамын деді. Әлім айтты: — Енді тағы біреуге-ақ жүгінейік, төрелік тағы саған тисе, шаға бер. Сонан шығып бір топ ойнап жүрген балаларға келді. Ішінде бір бала әлімге сәлем берді. Әлім сәлемін алып, сол балаға істерінің мәнісін айтты. Бала есітіп болып: — Әй, ата, бекер сөйлейсің осы қолыңдағы кіп-кішкентай қобдиға мойныңа үш оралған әйдік жылан сыюшы ма еді? — деді. Сонда жылан да айтты: — Бұл сөз рас, — деп. Бала тіпті нанбады, «бұл сөзге көзбен көрмей кісі нанып болмас» деп. Сонда жылан баланы нандыру үшін иіріліп барды да, манағы қобдиға кіріп жатты. Бала сонда тарс еткізіп сандықты жауып бекітті де, Әлімнің қолына берді, «апарып алған орынңызға қойыңыз» деп.

Мазмұны · 5517 / 55
  1. 1Абылай хан
  2. 2Айуанның естесі көп, бірақ адамдай толық ақылы жоқ
  3. 3Ақымақ дос
  4. 4Алтын шеттеуік
  5. 5Ананың сүюі
  6. 6Асыл шөп
  7. 7Аурудан аяған күштірек
  8. 8Әдеп
  9. 9Әділдік
  10. 10Әй, достарым!
  11. 11Әй, жігіттер!
  12. 12Әке мен бала
  13. 13Әлім кісі
  14. 14Байұлы
  15. 15Бай мен жарлы баласы
  16. 16Бақша ағаштары
  17. 17Баланың айласы
  18. 18Бұл кім?
  19. 19Білгеннің пайдасы
  20. 20Бір уыс мақта
  21. 21Дүние қалай етсең табылады
  22. 22Жаз
  23. 23Жамандыққа жақсылық
  24. 24Жаман жолдас
  25. 25Жан-жануарлардың дауласқаны
  26. 26Жәнібек батыр
  27. 27Жомарт
  28. 28Зеректік
  29. 29Кел, балалар, оқылық
  30. 30Қанағат
  31. 31Қара батыр
  32. 32Қарға мен құрт
  33. 33Қыпшақ Сейітқұл
  34. 34Лұқпан әкім
  35. 35Малды пайдаға жарату
  36. 36Мейірімді бала
  37. 37Мұжық пен жасауыл
  38. 38Мұңсыз адам
  39. 39Өзен
  40. 40Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш
  41. 41Өтіріктің залалы
  42. 42Петр патшаның тергелгені
  43. 43Полкан деген ит
  44. 44Сақып
  45. 45Салақтық
  46. 46Сараңдық пен жинақтылық
  47. 47Сауысқан мен қарға
  48. 48Сәтемір хан
  49. 49Силинші деген ханым
  50. 50Таза бұлақ
  51. 51Талаптың пайдасы
  52. 52Түлкі мен ешкі
  53. 53Тышқанның өсиеті
  54. 54Шеше мен бала
  55. 55Ізбасты

Түсінбеген сөзге түртіп көріңіз

Квиз ашылған сөздерден құрастырылады; сақталғандары тренажёрде қайталанады

Квиз бастау