Ыбырай Алтынсарин. Әңгімелер мен өлеңдер · Ыбырай Алтынсарин
Кел, балалар, оқылық
Тарауды тыңдау
Қазақша нейродауыс, абзац кідірістерімен
Оқылым айырмасы · шешілмеген
Бұл жол басылымдарда әртүрлі оқылады. Біз мәтінді дереккөзден өзгертпей береміз, бірақ екінші оқылымды жасырмаймыз.
«Бастасаңыз алдалап»
Біздің мәтінде · Wikisource, қазақша бөлім (жобаға импортталған нұсқа)
«алдалап» — сөзбен жетелеп, қызықтырып, көндіріп бастасаңыз.
«Бастасаңыз аллалап»
Басқа басылымда · Ы. Алтынсарин шығармалары, кітап басылымдары (мыс. ЛитРес-тегі электрондық басылым)
«аллалап» — Алла атын атап, бисмилламен бастасаңыз: істі құдайдың атымен бастау.
Екі оқылымның мағынасы екі түрлі: бірі — баланы қызықтырып бастау, екіншісі — істі Алла атымен бастау. Шумақтың алдыңғы жолы «Бір Құдайға сыйынып» болғандықтан, «аллалап» оқылымы да негізді. Сондықтан бұл жол бойынша бағаланатын тапсырма берілмейді: филолог шешім шығарғанша екі нұсқа қатар көрсетіледі.
Әдебиетші шешімі шыққанша бұл жол бойынша бағаланатын тапсырма берілмейді. Дереккөздер мен құқықтар
≈ 2 мин
Асты сызылған 3 сөз — глоссарийден. Кез келген басқа сөзге де түртуге болады: қазақша түсіндірмесі шығады.
Бір Құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық!
Істің болар қайыры Бастасаңыз , Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап.
Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық!
Оқысаңыз, балалар, Шамнан шырақ жағылар. Тілегенің алдыңнан Іздемей-ақ табылар.
Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық!
Мал дәулеттің байлығы Бір жұтсаң жоқ болар, Оқымыстың байлығы Күннен-күнге көп болар, Еш жұтамақ жоқ болар.
Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық!
Сиса көйлек үстіңде Тоқуменен табылған. Сауысқанның тамағы Шоқуменен табылған. Өнер-білім бәрі де Оқуменен табылған.
Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық!
Надандықтың белгісі — Еш ақылға жарымас. Жайылып жүрген айуандай Ақ, қараны танымас. ат арымас, Білім деген қарымас. Жөн білмеген наданға -ата дарымас.
Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық!
Оқу деген шыны-ды, Тұрған сайын шыныққан... Оқу білген адамдар Май тамызған қылыштан... Білмегенді білуге Есті бала тырысқан, Есер бала ұрысқан.
Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық!
Әлпештеген ата-ене Қартаятын күн болар. Қартайғанда жабығып, Мал таятын күн болар. Ата-енең қартайса — Тіреу болар бұл оқу. Қартайғанда мал тайса — Сүйеу болар бұл оқу!
Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық!
Оқу білген таниды Бір жаратқан құдайды, Танымаған құдайды Неғылғанда ұнайды... Шырағым адам болғай деп, Ата-енең жылайды. Баладан қайыр болмаса, Баланы неге сұрайды?!
Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық!
Мазмұны · 5529 / 55
- 1Абылай хан
- 2Айуанның естесі көп, бірақ адамдай толық ақылы жоқ
- 3Ақымақ дос
- 4Алтын шеттеуік
- 5Ананың сүюі
- 6Асыл шөп
- 7Аурудан аяған күштірек
- 8Әдеп
- 9Әділдік
- 10Әй, достарым!
- 11Әй, жігіттер!
- 12Әке мен бала
- 13Әлім кісі
- 14Байұлы
- 15Бай мен жарлы баласы
- 16Бақша ағаштары
- 17Баланың айласы
- 18Бұл кім?
- 19Білгеннің пайдасы
- 20Бір уыс мақта
- 21Дүние қалай етсең табылады
- 22Жаз
- 23Жамандыққа жақсылық
- 24Жаман жолдас
- 25Жан-жануарлардың дауласқаны
- 26Жәнібек батыр
- 27Жомарт
- 28Зеректік
- 29Кел, балалар, оқылық
- 30Қанағат
- 31Қара батыр
- 32Қарға мен құрт
- 33Қыпшақ Сейітқұл
- 34Лұқпан әкім
- 35Малды пайдаға жарату
- 36Мейірімді бала
- 37Мұжық пен жасауыл
- 38Мұңсыз адам
- 39Өзен
- 40Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш
- 41Өтіріктің залалы
- 42Петр патшаның тергелгені
- 43Полкан деген ит
- 44Сақып
- 45Салақтық
- 46Сараңдық пен жинақтылық
- 47Сауысқан мен қарға
- 48Сәтемір хан
- 49Силинші деген ханым
- 50Таза бұлақ
- 51Талаптың пайдасы
- 52Түлкі мен ешкі
- 53Тышқанның өсиеті
- 54Шеше мен бала
- 55Ізбасты
Түсінбеген сөзге түртіп көріңіз
Квиз ашылған сөздерден құрастырылады; сақталғандары тренажёрде қайталанады