Ыбырай Алтынсарин. Әңгімелер мен өлеңдер · Ыбырай Алтынсарин
Жан-жануарлардың дауласқаны
Тарауды тыңдау
Қазақша нейродауыс, абзац кідірістерімен
≈ 2 мин
Кез келген сөзге түртіңіз — қазақша түсіндірмесі шығады.
Жылқы, түйе, сыйыр, қой, ит, тауық, тышқан және бөтен жан-жануарлардың бәрі де адамның жылына ағалыққа таласты дейді.
Жылқы айтты:
— Мен, адам үстіме мінсе алысын жақын етемін, күшімді болса көреді, сүтімді болса ішеді, қылыма дейін арқан істейді, адамға менен пайдалы мал жоқ, жыл ағасы мен боламын, — деді.
Түйе айтты:
— Сен адам жұмысын қылсаң арпа, сұлы, шөп асайсың тамағың үшін құл болдың. Мына мен сен көтере алмайтын ауырды көтеріп, неше айшылық алыс жерлерге барамын, аш болдым деп арпа, сұлы сұрамаймын, көде болса — көде, жусан болса — жусан, не кез келсе соны қорек етіп, табылса су ішіп, табылмаса шөлге де шыдап жүре беремін, жыл ағасы болу маған лайық, — деді.
Сиыр айтты:
— Адам егін ексе менімен егеді, сүтімді ішеді, кұрт, май істейді.
Қой айтты:
— Мен болмасам қазақ үйін немен жабар еді; жүнімді алып киіз істейді, жабағымнан күпі тігеді, арқан, жіп еседі, сүтімнен құрт, май алады, — деді.
Ит айтты:
— Мен болмасам сенің көбіңді не ұры ұрлап, не қасқыр жеп тауысар еді, сенің бәріңнің мен бақташыңмын, дұшпан көрінсе үріп-абалап, иеме хабар беремін.
Тауық айтты:
— Мен болмасам кісі ерте тұрып, жұмысына бармай, ұйықтап қалар еді, мен танертең тұрып шакқырып, хабар айтамын, таң атты деп, көп отырса, жұмысыңнан қаларсың жатар уақыт болды деп, түн ортасында да шақырамын, кеш болса тағы шақырамын, демалар мезгіл болды деп, — деді.
Тышқан не дерін біле алмай тұрды да, бір түрлі қулық ойлап, жиналған көпке айтты:
— Бұл таластан ештеме өнбес, жылды қарап тұралық та, кім бұрын көрсе, сол жыл басы болсын, — деді.
Түйе өзінің биіктігіне сеніп, менен бұрын кім көреді деп тышқанның сөзін қостап, бәрі де жылды қарап тұрды. Біраздан соң тышқан жорғалап, түйенің үстіне шығып, өркешінің басына мінді де отырды. Сонымен бәрінен бұрын жылды тышқан көріп, хабар беріп, жылдың басы болған. Түйе бойына сеніп құр қалды деген сөз - осыдан қалған екен.
Мазмұны · 5525 / 55
- 1Абылай хан
- 2Айуанның естесі көп, бірақ адамдай толық ақылы жоқ
- 3Ақымақ дос
- 4Алтын шеттеуік
- 5Ананың сүюі
- 6Асыл шөп
- 7Аурудан аяған күштірек
- 8Әдеп
- 9Әділдік
- 10Әй, достарым!
- 11Әй, жігіттер!
- 12Әке мен бала
- 13Әлім кісі
- 14Байұлы
- 15Бай мен жарлы баласы
- 16Бақша ағаштары
- 17Баланың айласы
- 18Бұл кім?
- 19Білгеннің пайдасы
- 20Бір уыс мақта
- 21Дүние қалай етсең табылады
- 22Жаз
- 23Жамандыққа жақсылық
- 24Жаман жолдас
- 25Жан-жануарлардың дауласқаны
- 26Жәнібек батыр
- 27Жомарт
- 28Зеректік
- 29Кел, балалар, оқылық
- 30Қанағат
- 31Қара батыр
- 32Қарға мен құрт
- 33Қыпшақ Сейітқұл
- 34Лұқпан әкім
- 35Малды пайдаға жарату
- 36Мейірімді бала
- 37Мұжық пен жасауыл
- 38Мұңсыз адам
- 39Өзен
- 40Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш
- 41Өтіріктің залалы
- 42Петр патшаның тергелгені
- 43Полкан деген ит
- 44Сақып
- 45Салақтық
- 46Сараңдық пен жинақтылық
- 47Сауысқан мен қарға
- 48Сәтемір хан
- 49Силинші деген ханым
- 50Таза бұлақ
- 51Талаптың пайдасы
- 52Түлкі мен ешкі
- 53Тышқанның өсиеті
- 54Шеше мен бала
- 55Ізбасты
Түсінбеген сөзге түртіп көріңіз
Квиз ашылған сөздерден құрастырылады; сақталғандары тренажёрде қайталанады