Ыбырай Алтынсариннің фотопортреті: сақалды, қара шапан киген ағартушы

Ыбырай Алтынсарин. Әңгімелер мен өлеңдер · Ыбырай Алтынсарин

Сараңдық пен жинақтылық

Тарауды тыңдау

Қазақша нейродауыс, абзац кідірістерімен

≈ 1 мин

Асты сызылған 1 сөз — глоссарийден. Кез келген басқа сөзге де түртуге болады: қазақша түсіндірмесі шығады.

Бірнеше тәуір кісілер бір жетім-жесір қалған үй үшін жылу жимыз деп, әр үйге барып жүріп бір байдың үйіне келсе, бай жұмыскеріне бір кішкентай жіпті жаңбырда ұмытып, далада қалдырыпсың деп, қатты ұрысып тұр екен. Ұрысып тұрып айтады: — Сен білмейсің ол кішкентай ғана жіп те болса, малға сатып алынған нәрсе, малдың табылуы оңай емес, — деп. Мұны есітіп, көріп, әлгі жолаушылар өзді-өзі сөйлесті: «Бір жаман жіпті далада ұмытып қалдырдың деп сонша кейіп тұрған адам бізге ешнәрсе бере қоймас, аузымызды ауыртпай, келген ізімізбен қайталық». Ішінде біреуі айтты: — Неміз кетіп барады, келген соң бұған да айтып кетелік. Бұл сөзбен байға келіп, сәлем берді. Бай бұларды әдеппен үйіне кіргізді. Сонан соң келгендердің жұмысын есітіп, сол жердің өзінде бөтендерге қарағанда екі өсе ақша шығарып берді және мұнан басқа төрт-бес қап астық беремін деп уәде етті. Мұнысын керіп, жолаушылар таңданып отырды да, өздерінің далада байды сараңға қойғандарын айтысты. Сонда бай айтты: — Аз нәрсені азсынбай, қадірін біліп жинағаннан осындай кем-кетікке жәрдем беруге қолым жетісті. Жинақтылық — сараңдыққа қосылмайды, — дейді.

Мазмұны · 5546 / 55
  1. 1Абылай хан
  2. 2Айуанның естесі көп, бірақ адамдай толық ақылы жоқ
  3. 3Ақымақ дос
  4. 4Алтын шеттеуік
  5. 5Ананың сүюі
  6. 6Асыл шөп
  7. 7Аурудан аяған күштірек
  8. 8Әдеп
  9. 9Әділдік
  10. 10Әй, достарым!
  11. 11Әй, жігіттер!
  12. 12Әке мен бала
  13. 13Әлім кісі
  14. 14Байұлы
  15. 15Бай мен жарлы баласы
  16. 16Бақша ағаштары
  17. 17Баланың айласы
  18. 18Бұл кім?
  19. 19Білгеннің пайдасы
  20. 20Бір уыс мақта
  21. 21Дүние қалай етсең табылады
  22. 22Жаз
  23. 23Жамандыққа жақсылық
  24. 24Жаман жолдас
  25. 25Жан-жануарлардың дауласқаны
  26. 26Жәнібек батыр
  27. 27Жомарт
  28. 28Зеректік
  29. 29Кел, балалар, оқылық
  30. 30Қанағат
  31. 31Қара батыр
  32. 32Қарға мен құрт
  33. 33Қыпшақ Сейітқұл
  34. 34Лұқпан әкім
  35. 35Малды пайдаға жарату
  36. 36Мейірімді бала
  37. 37Мұжық пен жасауыл
  38. 38Мұңсыз адам
  39. 39Өзен
  40. 40Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш
  41. 41Өтіріктің залалы
  42. 42Петр патшаның тергелгені
  43. 43Полкан деген ит
  44. 44Сақып
  45. 45Салақтық
  46. 46Сараңдық пен жинақтылық
  47. 47Сауысқан мен қарға
  48. 48Сәтемір хан
  49. 49Силинші деген ханым
  50. 50Таза бұлақ
  51. 51Талаптың пайдасы
  52. 52Түлкі мен ешкі
  53. 53Тышқанның өсиеті
  54. 54Шеше мен бала
  55. 55Ізбасты

Түсінбеген сөзге түртіп көріңіз

Квиз ашылған сөздерден құрастырылады; сақталғандары тренажёрде қайталанады

Квиз бастау