Ыбырай Алтынсарин. Әңгімелер мен өлеңдер · Ыбырай Алтынсарин
Мұжық пен жасауыл
Тарауды тыңдау
Қазақша нейродауыс, абзац кідірістерімен
≈ 1 мин
Кез келген сөзге түртіңіз — қазақша түсіндірмесі шығады.
Бір мұжық далада жүріп, біртүрлі әдемі тас тауып алып, көршісінен сұрады: — Бұл тасты неғылсам болады? — деп. Көршісі айтты: — Патшаға алып бар, — деп. Сонымен мұжық келіп патшаның алдындағы жасауылының аяғына жығылып, мені патшаға жолықтыр деп тілек етті. — He жұмысың бар? — деді олар. — Патшаға сый алып келемін, — деді мұжық. Жасауыл айтты: — Патша саған не сый берсе, жартысын маған бер, болмаса жолықтырмаймын. Мұжық бұған разы болды. Мұнан соң, мұжықты патшаға алып келісті. Патша тасын алып, мұжыққа алда разы болсын айтып, мың теңге беріп еді, мұжық аяғына жығылып: — Тақсыр, мың теңгені алмаймын арқама елу шыбық салдырыңыз, — деді. Патша бір мағнасы бар шығар деп, жасауылына бұйырды — ақырын ғана мұның арқасына елу шыбық соқ деп. Жиырма бес шыбығын салып болғанда, мұжық айтты: — Енді маған болар, қалғанын бәлен жасауылға салдырыңыз, алған сыйымның жартысын не де болса соған бермекші едім. Бұл жасауылды шақыртып, оған келістіріп жиырма бес шыбық ұрдырды. Сонан соң, бұл айласына разы болып, мұжыққа патша екі мың теңге бергізді дейді.
Мазмұны · 5537 / 55
- 1Абылай хан
- 2Айуанның естесі көп, бірақ адамдай толық ақылы жоқ
- 3Ақымақ дос
- 4Алтын шеттеуік
- 5Ананың сүюі
- 6Асыл шөп
- 7Аурудан аяған күштірек
- 8Әдеп
- 9Әділдік
- 10Әй, достарым!
- 11Әй, жігіттер!
- 12Әке мен бала
- 13Әлім кісі
- 14Байұлы
- 15Бай мен жарлы баласы
- 16Бақша ағаштары
- 17Баланың айласы
- 18Бұл кім?
- 19Білгеннің пайдасы
- 20Бір уыс мақта
- 21Дүние қалай етсең табылады
- 22Жаз
- 23Жамандыққа жақсылық
- 24Жаман жолдас
- 25Жан-жануарлардың дауласқаны
- 26Жәнібек батыр
- 27Жомарт
- 28Зеректік
- 29Кел, балалар, оқылық
- 30Қанағат
- 31Қара батыр
- 32Қарға мен құрт
- 33Қыпшақ Сейітқұл
- 34Лұқпан әкім
- 35Малды пайдаға жарату
- 36Мейірімді бала
- 37Мұжық пен жасауыл
- 38Мұңсыз адам
- 39Өзен
- 40Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш
- 41Өтіріктің залалы
- 42Петр патшаның тергелгені
- 43Полкан деген ит
- 44Сақып
- 45Салақтық
- 46Сараңдық пен жинақтылық
- 47Сауысқан мен қарға
- 48Сәтемір хан
- 49Силинші деген ханым
- 50Таза бұлақ
- 51Талаптың пайдасы
- 52Түлкі мен ешкі
- 53Тышқанның өсиеті
- 54Шеше мен бала
- 55Ізбасты
Түсінбеген сөзге түртіп көріңіз
Квиз ашылған сөздерден құрастырылады; сақталғандары тренажёрде қайталанады