Ыбырай Алтынсарин. Әңгімелер мен өлеңдер · Ыбырай Алтынсарин
Петр патшаның тергелгені
Тарауды тыңдау
Қазақша нейродауыс, абзац кідірістерімен
≈ 1 мин
Кез келген сөзге түртіңіз — қазақша түсіндірмесі шығады.
Рига деген қаланы жаулап алғанның соңында, Петр патша Меньшиков деген князьға және Шереметьев деген графқа наград есебінде жаулап алған жерлерден жер беріпті-міс. Осындай берілген жердің біреуі Рига қаласының бір қарапайым адамына тиісті жер екен, барып патшаға арыз етті: — He күнәм бар, жерімді біреу алғандай? — деп. Патша арызын тыңдап болып, айтты: — Арызың дұрыс болса, тиісті қазыларға (сотқа) арыз ет. Ол кісі арыз берді: — Меньшиков деген князь жерімді тартып алды, — деп. Қазылар арызын алып сұрап еді, Меньшиков жауап берді, ол жерді маған наградқа патша берді деп. Қазылар Петр патшаға да хабар беріп, патша өзі де келді. Патшадан да жауап сұрап болып, ақырында қазылар: — Петр патшаның бұл ісі дұрыс емес, нахақ біреудің жерін наградқа беріпті, — деп, жерді иесіне қайтаруға бұйырысты. Патша билігін есітіп болған соң түрегеліп қазылардың бетінен сүйіпті: — Әділдіктеріңе алла разы болсын, — деп және сол жерде айтты дейді: — Законға мен мұнша көнгенімде, бөтендер көнбестік етуді ойынан шығарсын!
Мазмұны · 5542 / 55
- 1Абылай хан
- 2Айуанның естесі көп, бірақ адамдай толық ақылы жоқ
- 3Ақымақ дос
- 4Алтын шеттеуік
- 5Ананың сүюі
- 6Асыл шөп
- 7Аурудан аяған күштірек
- 8Әдеп
- 9Әділдік
- 10Әй, достарым!
- 11Әй, жігіттер!
- 12Әке мен бала
- 13Әлім кісі
- 14Байұлы
- 15Бай мен жарлы баласы
- 16Бақша ағаштары
- 17Баланың айласы
- 18Бұл кім?
- 19Білгеннің пайдасы
- 20Бір уыс мақта
- 21Дүние қалай етсең табылады
- 22Жаз
- 23Жамандыққа жақсылық
- 24Жаман жолдас
- 25Жан-жануарлардың дауласқаны
- 26Жәнібек батыр
- 27Жомарт
- 28Зеректік
- 29Кел, балалар, оқылық
- 30Қанағат
- 31Қара батыр
- 32Қарға мен құрт
- 33Қыпшақ Сейітқұл
- 34Лұқпан әкім
- 35Малды пайдаға жарату
- 36Мейірімді бала
- 37Мұжық пен жасауыл
- 38Мұңсыз адам
- 39Өзен
- 40Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш
- 41Өтіріктің залалы
- 42Петр патшаның тергелгені
- 43Полкан деген ит
- 44Сақып
- 45Салақтық
- 46Сараңдық пен жинақтылық
- 47Сауысқан мен қарға
- 48Сәтемір хан
- 49Силинші деген ханым
- 50Таза бұлақ
- 51Талаптың пайдасы
- 52Түлкі мен ешкі
- 53Тышқанның өсиеті
- 54Шеше мен бала
- 55Ізбасты
Түсінбеген сөзге түртіп көріңіз
Квиз ашылған сөздерден құрастырылады; сақталғандары тренажёрде қайталанады